Ақшасы желінген Абай ескерткішінің ашылу салтанаты кейінгк қалдырылды

3149
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ұлы ақын Абайдың ескерткішін орнатуға бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін ұсталған болатын. Осыған байланысты дайын тұрған ескерткіштің ашылу салтанаты кейінге қалдырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату туралы ұсыныс 2018 жылдың 5 сәуірінде Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткішін қорғау жөніндегі комиссия отырысында мақұлданып, Мәдениет министрлігіне жолданған. Ал Мәдениет және спорт министрлігі 17 шілдеде ұсынысты мақұлдау туралы шешім шығарды.

Одан кейін Абайдың мүсінін жасауға жарияланған байқауда мүсінші Асқар Нартовтың туындысы жеңіп шықты.

Қазіргі уақытта ұлы ақынның ескерткіші дайын тұр. Қоладан жасалған ескерткіштің салмағы – 5 тонна, биіктігі – 11 метр.

Бақытгүл Хаменова ұсталғаннан кейін ескерткіштің ашылу рәсімі 27 желтоқсанға ауыстырылды.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер