Осетиннің ұлттық киімдері қазақтардікіне қатты ұқсайды - Фатима Биркле

5409
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында наурыздың 22-сіне дейін ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани сананы жаңғыртуға бағытталған түрлі шаралар өткізіледі,

Әр күн әр тақырыпқа арналады. Шара барысында ұлттық дәстүрді ұлықтауға, қайырымдылық жасауға, қарттарды қадірлеп, спорт пен білімді дамытуға ден қойылмақ.

Фатима Биркле - «Осетин» этномәдени бірлестігінің төрайымы. Ол өңірде өткізілетін мерекелік шараларға үнемі өз ұлтының киімімен келеді. Бірлестік төрайымы оюмен өрнектелген осетин киімдерінің қазақтың ұлттық киімдеріне қатты ұқсайтынын айтады.

«Көйлегім мен шапанымды көргендер «Қазақтың ұлттық киімі ме?» деп сұрап жатады. Жоқ, бұл осетин ұлтының киімі. Мүмкін кейбір элементтерін кезінде ата-бабамыз қазақтардан алған шығар, киімдерімізде ұқсастық бар. Біздің осетин қыз-келіншектерінің көйлектерінің етегі де ұзын», - дейді «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы Фатима Биркле.

Бүгін «Достық» үйінде ұлттық киімдер көрмесі өтті. Аймақтағы этномәдени бірлестік өкілдері балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушыларына өз ұлтының дәстүрлі киімдерін, олардың тарихын және ерекшеліктерін таныстырды.

«Біздің ертеңіміз - бүгінгі біздің жастарымыз. Сол себепті жастарға халықтың достығын насихаттау, бір-біріне деген төзімділікті ілгерілету және жастарымызға Наурыз мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру мақсатында бүгін осындай шара ұйымдастырдық», - деді «Қоғамдық келісім» КММ директоры Амангүл Жайылханова. Ұлттық киімдер күнін өңірдегі барлық ұжым атап өтуде.


inform.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер