«БҮГІН БІЗДЕ ҚОНАҚТА» — КӨПЕН ӘМІРБЕК

2591
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №26 Жамбыл атындағы мектеп– гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шаралар жоспары негізінде «Бүгін бізде қонақта» айдарымен кездесу болып өтті.
Кеш қонағы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, сатирик, «Ара» журналының бас редакторы Көпен Әмірбек болды.
«Саяси қоғамдық сатиралық «Ара Kz» журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің төрағасы «Қымызхана», «Тамаша» ойын-сауық отауының, сондай-ақ өзі құрған «Көпен келе жатыр!…» атты сатиралық театрының белсенді авторы, Президент гранты мен «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, әрбір оқушының көкейінде жүрген сұрақтарына байыппен жауап беріп, ашық пікір алмасты.
Исі қазаққа танымал сатира саңлағы Көпен ағамыздың мысал өлеңдерін оқушылар жатқа айтып, мектебіміздің биші бүлдіршіндері мен жезтаңдай әншілері, күйшілері өз өнерлерін көрсетті. Бүгінгі кештің шәкірттер үшін де, мектеп ұстаздары үшін де берер тағылымы мол болды.
Мектеп гимназия директоры Қайкенова Гүлсара Жумадуллақызы кеш қонақтарына үлкен алғысын білдірді.

Пікірлер