Қазақ тілі Байқоңыр қаласының барлық мектептерінде оқытылатын болды

2785
Adyrna.kz Telegram

Байқоңыр қаласының барлық мектебінде қазақ тілі мен Қазақстан тарихы оқытылады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Біз Байқоңыр қаласының мектептерінде қазақ тілі, қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихын оқыту жайлы келістік. Бұл пәндер ресейлік және қазақстандық стандарттар бойынша оқытатын мектептерде енгізіледі", - деді Әбдіқалықова үкімет кулуарында.

Айтуынша, бұл мәселе көптен бері талқыланып жүр.

- Біздің мектептерде, Ресей мектептерінде қазақ балалары оқиды. Біздің бүлдіршіндер үшін өз тілі мен тарихын тану және үйрену жаңа бастама болады деген ойдамын, - деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Байқоңырды Қазақстаннан жалға алып отыр. Қазір екі елдің білім министрліктері жұмыс механизмін пысықтап жатыр. Қызылорда облысы өз тарапынан мектептерді білікті мұғалімдермен, оқулықтармен, қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер