Бақытгүл Хаменоваға қатысты тың деректер шықты

20446

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қызметінен босатылмайды. Үй қамаққа алынған шенеуніктің әріптестері құзырлы орындардан ресми қаулы келмейінше, оны жұмыстан шығара алмаймыз деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлады, деп мәлімдейді "Адырна" ұлттық порталы.

- Бүгін жұмыста жоқ. Ресми органдардан, соттан ешқандай қаулы келген жоқ. Егер сондай ресми құжат келсе, әкімдік тарапынан шешім қабылданады, - дейді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Қалымбай.

Облыс әкімінің орынбасары Абай ескерткішіне бөлінген 150 миллион теңгенің 4 жарым миллионын алмақ болды деген күдікпен өткен жұмада қамауға алынған. Онымен қоса Атырау облыстық мәдениет басқармасының басшысы да ұсталған. Бірақ Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін мойындағаны үшін қамауға алынбады. Ал сот Бақытгүл Хаменованың отбасы жағдайын ескере отырып үй қамаққа жіберді.

Қос шенеуніктің басына бәле болған ескерткіш дайын екен. Салмағы бес тонна болатын монумент 16 желтоқсан күні ашылады деп жоспарланған. Алайда жұма күнгі жайсыз хабардан соң 27 желтоқсанға шегеріліпті. Бұл жобаның авторы 2019 жылы конкурс арқылы белгілі болған. Бір ай бұрын ғана "Балқыту" серіктестігімен  келісімшарт жасалып, алғашқы 72 миллион теңгесі игеріліп қойған. Ал қалғанын келер жылғы бюджетке жоспарлаған екен.

- Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату мәселесі 2018 жылы Атырау облысы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау комиссиясының отырысында қаралды. Нұр-Сұлтан қаласында қолдау тапты. Мүсіннің авторы  – Нарытов, - дейді Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Толыбай Достыбаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket