Алматыда алып бала дүниеге келді

2581
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/2.jpg
Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында салмағы 6 келі 280 грамм, бойы 66 сантиметр болатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Almaty.tv сайтына сілтеме жасап. Сәби 40 аптада кесар тілігі арқылы дүниеге келген.
- Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы, ол дәрігерлердің бақылауында, – деді орталық директоры Гүлнар Нұрланова.
Директордың айтуынша, бұл перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы оқиға.
- Бізде аналар үлкен салмақпен сәбилерді дүниеге әкеп жатады. Соңғы рет салмағы 5, 8 келі нәресте дүниеге келген болатын. Бірақ біздің Орталықта 6 келі 280 грамм бірінші рет болып отыр, – дейді Гүлнар Нұрланова.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии