Home » Жаңалықтар » Сәкен Майғазиев: Ол бағдарламаға өліп кетсем де бармаймын

Сәкен Майғазиев: Ол бағдарламаға өліп кетсем де бармаймын

Әнші Сәкен Майғазиев бүгінгі қазақ телевизиясындағы арзан шоу-бағдарламалар мен солардың басы қасында жүрген әріптестерін сынға алды. Бұл туралы әнші Асхат Садырбайдың «Үлкендердің әңгімесі» атты интернет-жобасына берген сұхбатында айтты.

«Түркияда жағымсыз бағдарламаны жапқызып тастаған. Содан кейін олар «кім бар?» деп тіміскілеп Қазақстанға келді. Иә, үлкен танымалдылыққа ие бағдарлама. Сол қосылып жатқан екі жастың ұрпақтары үшін мен жаным ашып, шырылдап жатсам, менің әріптестерім сол бағдарламаның шашбауын көтеріп, сойылын соғып жүр. Сонда мен кім үшін зар қақсап жүрмін?
Мен ондай белден төмен бағдарламаларға өліп кетсем де бармаймын.

Сол орайда: “Қазақ деп жүрген азамат қой, Сәкеннің бір ауыз сөзі үшін осы бағдарламаға бармай-ақ қояйық, біздің танымалдылығымыз осыдан кеміп қалмайды” демейді. Керісінше саған қас қылғандай қылады. Осы дұрыс па енді?» – деп ашынды әнші.

Сондай-ақ, Майғазиев аталған бағдарламаға қатысып, аузына келгенді айтып жүрген қарагөздер туралы да сөз етті.

«Өздерінің ұрпақтарына өздері балта шауып жатқан сияқты. Мен солай ғана топшылаймын. Олар қазіргі танымалдылықтарына мас боп жүрген шығар. Ертең олардың балалары болмай ма, қыздары дүниеге келмей ма? Көрінген таудың алыстығы жоқ. Көзді ашып-жұмғанша балалары өседі. «Менің әке-шешем осындай болыпты, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығыпты ғой» дегенде: «Қызым, ол кезде танымал болу үшін сөйткенбіз», – деп отыра ма сонда?
Танымал болдың ал! Көпшіліктің батасын алып жатсың ба, көгеріп жатсың ба, өсіп жатсың ба? Болашақпен жұмысы жоқ, бүгін танымал болсам болды. Бүгін қарнымды тойдырып, бір жерден тамақ ішсем болды деген сияқты ит тірлік. Сондай бағдарламалар көбейіп кетті. Дос болып та, жұмсақ та, қатты да айтып жатырмыз. Санасызға сан айтсаң да, дарымайды деген осы боп тұр», – дейді Майғазиев.

Әншінің бұл айтқандарынан әңгіменің төркіні атышулы «Қалаулым» бағдарламасы жайында екенін аңғару қиын емес.

Бұдан өзге Сәкен Майғазиев пен Асхат Садырбай өнер адамдарының арасындағы ауыз біршіліктің жоқтығы, әншілерге айтылатын халықтың сыни-пікірлері, жемқорлық және бүгінгі қоғамдағы қазақтың бейнесі мен иман жайлы сөз өрбітті.


«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Экология министрі қымбат ас ішкені үшін отставкаға кетті

Францияның экология министрі Франсуа Де Рюжи салық төлеушілердің ақшасын шашты деген айыптаулардан кейін отставкаға кетті. ...