Серік Жарасбаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды

2144
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/izobrazhenie_2021-12-13_111927.png
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт жаңа вице-министрі тағайындалды. Ол Серік Жарасбаев атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Маратұлы Жарасбаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі
Серік Жарасбаев 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін,  Ресей халықаралық олимпиада университетін бітірген. Мамандығы – дене шынықтыру және спорт, мемлекеттік және жергілікті басқару, спорт басқармасы. Еңбек жолы: 2006-2007 жылдары Петропавл қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы, нұсқаушы-спортшы болып жұмыс істеді. 2007-2010 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, тәрбие және спорт бөлімінің басшысы. 2011-2012 жж. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық технологиялар және білім басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы; Солтүстік Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары. 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің Жазғы спорт түрлері дирекциясының басшысы, Агенттіктің Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры. 2014-2018 жылдары ҚР МКҚК Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары ҚР МКҚК Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2019-2021 жылдары - ҚР МКМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары. 2021 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан кёрлинг, сырттағы керлинг және петанг федерациясы» республикалық қоғамдық ұйымының бірінші вице-президенті болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии