РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

1906
Adyrna.kz Telegram

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тілі ретінде қалыптасуына және этнос балаларының мемлекеттік тілді білуге деген құштарлығын арттыруға бағытталған республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасын өткізді.

Жобаға қатысушыларды іріктеу кезеңі үстіміздегі жылдың 15 қараша күні, сағат 9.00-де бастау алып, 22 қараша, сағат 21.00-ге дейін онлайн-форматта өткізілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған жобаға республика аумағында тұратын 300-ге жуық этнос балалары қатысып, «Ертегі әлеміне саяхат», «Тұлғалар тағлымы», «Мен ұнататын мамандық», «Туған өлкеге тағзым» бағыттары бойынша өз өнерлерін ұсынды.

Қазылар алқасы тіл сайысына қатысушы үміткерлердің өнерін жан-жақты сараптай келе, он баланы жеңімпаз деп таныды.

Алматы, Шымкент қалалары мен Павлодар, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан сурылып шыққан жеңімпаздарды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан марапаттап, бағалы сыйлақтар табыстады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер