«SHANYRAQ» ОРТАЛЫҒЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

1827
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» орталығында «Жұлдызды 30 күн» атты іс-шара жоспары аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара тамыры терең кеткен, тарихпен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарымыздың бірі «отбасы құдылықтары» жайлы.

Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағы­тында қыруар шаруа атқа­рыл­ды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім­ді ұрпақ қалыптастыруға бағыт­талған сындарлы саясатының нәти­ж­есінде ана мен баланы қолдау бойын­ша бағдарламалық құжаттар, гендер­лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Елбасы «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді.

Аталған іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы Б.Нарбекова, кәмелетке толмағандар істер жөніндегі сот төрағасы Д.Сайханов, әкелер кеңесінің төрағасы Е.Отарбаев, Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, ҚР Ассамблеясының Республикалық аналар кеңесі мүшесі мен Л.Қойшиева қатысты.

Дөңгелек үстелде жаһандық өзгерістер заманында отбасы құндылықтарын сақтап қалу, оның жастар санасындағы беделін арттыру мәселелері айтылды.

«Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығы қаламыздың аз қамтылған 10 мыңнан астам отбасы мүшелеріне қолдау көрсеткен.

Қызмет алушыларға 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Мәселен, аз қамтылған отбасылармен мәселелері бойынша тікелей жұмыс, психологиялық қолдау көрсету, құқықтық жәрдем, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс, медиациямен бірлескен жұмыс, өз кәсібін игеруге ықпал ету, балаларға психологиялық қолдау көрсету, жұмыспен қамтылуға жәрдем, денсаулық мәселелері және аналар мен балаларға арналған арнайы курстар.

Бүгінде жан-жақты, бірлескен жұмыстардың арқасында, орталықта, үйірмелерде күнделікті шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Пікірлер