ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖАНАШЫР АЗАМАТТАРДЫҢ ЕСЕБІНЕН САЛЫНҒАН СПОРТ АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

92

Шымкент қаласына Серік Төлбасовтың қоры тағы үш көпфункционалды спорт алаңын сыйға тартты.

Әл-Фараби ауданы Майлықожа көшесіндегі көпқабатты № 17 үй ауласында жеке кәсіпкер қорының есебінен салынған алаңшаны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашты.

Серік Төлбасовтың Жеке Қоры 2007 жылдың 18 қаңтарында құрылған.
Қор жұмысының мақсаты қоғамдық ұйымдарды қолдау болып табылады. 2021 жылғы мамырдан қарашаға дейін Серік Төлбасов Қоры Шымкент қаласында көпфункционалды спорт алаңдарын салуға 100 000 000 теңге берді. Спорт нысандары үш сериямен пайдалануға берілді: екеуі мамыр-маусымда, екеуі шілде – тамызда және үшеуі 2021 жылдың қарашасында. Үш жаңа спорт нысаны, алдыңғы нысандар сияқты, 50 ш. м. дейін workout аймағымен жабдықталған, бұл бір мезгілде бірнеше спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді, кез келген ауа райында қолдануға ыңғайлы болуы үшін қорғаныс қоршаулары және заманауи еден жабыны бар.

«Бүгінге дейін бұқаралық спортты дамытуға басымдық беруінің нәтижесінде қалада тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар саны артып келеді. Қор есебінен салынған бұл спорт алаңшасы жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізуіне және бұқаралық спорттың дамуына мүмкіндік жасайды. Игі бастаманы қолға алған жанашыр азаматтарға ризамыз! »– деді Мақсұт Пернебайұлы.

Спорт алаңдарын енгізудің негізгі мақсаты тұрғылықты жері бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін аулалық дене шынықтыру-спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін кеңейту болып табылады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket