ЖАҢА БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

1332
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасында тіркеуден өткен. Осы көпқабатты үйлерде мүлік иелері бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, соған сай амалдар атқарылуда.

Осыған орай, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерді МИБ және ЖС-ға біріктірудің тиімділігін түсіндіру бойынша халықпен 574 жиналыс ұйымдастырылды.

Нәтижесінде, 389 көпқабатты үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда ол 76,6 % жетті. Оның ішінде, 289 көпқабатты тұрғын үйде ЖС, 58-інде МИБ құрылып, қалалық әділет департаментінде тіркелді.
Осы іс бойынша өткен аптада 31 жиналыс өткізіліп, хаттамалар түзілді.

Қаратау ауданында МИБ және ЖС-ні насихаттау бойынша тұрғындармен 83 кездесу, 18 онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Осы күнге дейін ауданда 10 МИБ және 287 ЖС құрылды. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары нәтижесінде қалған көпқабатты үйлерден хаттамалар жинақталуда.

Бүгінгі таңға дейін Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде басқарудың жаңа нысанына көшу бойынша тұрғындармен 517 жиналыс өткізілді. Соның нәтижесінде, 53 көпқабатты тұрғын үйдің басқару жүйесі МИБ-ке ауысып, қалалық әділет департаментінде тіркелді. Сондай-ақ, 275 тұрғын үй басқарудың ЖС жүйесіне көшті. МИБ құру бойынша қосымша 33 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жинақталуда.

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

Пікірлер