Жойқын жарылыстан небәрі 11 адам зардап шеккені керемет!

2159
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Амрилло Иноятов Сурхандария облысының Денау қаласында орын алған жарылыстан небәрі 11 адамның зардап шеккенін керемет деп атады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Жарылыс салдарынан екі науқас ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Солардың бірі, 1986 жылы туған Феруза Омонова ғимараттың жарылыс кезінде опырылып құлаған бетон үйінділерінің астында қалды. Оның білегі жұлынып, жамбас сүйегі сынған, денесінің басқа жерлері де жыртылып, езілген.

Алайда, мамандарымыздың дер кезінде көрсеткен көмегінің нәтижесінде науқас аман қалды. Кеше оның жағдайы ауыр болса, қазір жағдайы орташа, туыстарымен сөйлесіп жатыр.

Екінші науқастың миы шайқалған. Ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оған да ең білікті дәрігерлер ат салысуда. Оның жағдайы тұрақты. Ауыр жағдайда түскен екі науқас жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды.

Тағы екі науқаста көптеген ауыр жарақаттар, сынық болды. Жарылыс кезінде олардың бірі ғимарат ішінде, екіншісі сыртта болған. Олардың сынған сүйектері қалпына келтірілуде.

Өзбекстанның бас прокуратурасы Денаудағы жарылысты лаңкестік әрекет деген болжамның расталмағанын хабарлады. Бас прокурордың баспасөз хатшысы Хаёт Шамсуддинов бұл факті бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 257-бабы және 259-бабы (Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер