Талғанда қар жауып тұрғанда асфальт төсеген

2521
Adyrna.kz Telegram

Талғарда куәгер қар жауып тұрған кезде асфальт төсеген жұмысшыларды видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видео авторының айтуынша, оқиға 8 желтоқсанда Абылай хан көшесінде болған. Видеодан қар жауып тұрғанын көруге болады.

"Не үшін осындай болып жатқанын білесіздер ме? Жыл соңы, ал бюджетті игеру керек", - дейді видео авторы.

"Автодор Талгар" компаниясының өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Алматы облысының құрылыс басқармасы - Талғар қаласы Абылай хан көшесіндегі 1200 орындық орта мектепке кәріз жүргізуге тапсырыс беруші, мердігер - Bi Global ЖШС. Мердігер ҚНжЕ сәйкес қолайлы ауа райында жолдың бүлінген учаскесін асфальттау туралы бірнеше рет хабардар етілді. Алайда мердігер ескермеді. Мердігер ұйымның ақпаратына сәйкес, жұмыстар құрылыс салушының есебінен жүргізіледі. Тапсырыс беруші шешім қабылдағанға дейін жұмыстар тоқтатылды", - деп атап өтті ұйым өкілдері.

Бұл Талғарда қар жауған кезде асфальт төселген алғашқы жағдай емес. Осыған ұқсас оқиға биылғы қараша айында болған. Сол кезде Талғар әкімінің орынбасары салғырттығы мен мердігер ұйымның жұмысына тиісті бақылаудың жоқтығы үшін қатаң сөгіс естіген.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер