Тәуелсіздік тарихы - ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер

1823
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт көшбасшысы, сарабдал саясаткер» конференциясы өтті. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен жиын Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Мұндағы мақсат – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жеткен жетістіктері, рухани жаңғыруы мен дамуы жолындағы еңбегін атап өту, еліміздің жетістік тарихының маңызын арттыру, жаңа толқын жастардың ел құндылықтарына, Елбасының еңбегіне деген құрметін арттыру.

Конференцияға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің бірінші проректоры Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлы, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың қоғамдық саяси ахуал және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Әбілхайыров Серғазы Кәрімұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Алиев Өткір Алиұлы, Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы Jas Otan жастар қанатының төрағасы Исахов Мағжан Шыңғысұлы, бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабырхан Махмуд, гуманитарлық ғылымдар магистрі, жас ғалым Исабек Әзімхан, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің студенттік өзін-өзі басқару бойынша студенттік парламентінің төрағасы Садыбай Айтөре Ермекұлы және университ, ЖОМ тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасарлары, оқытушылар, профессорлар мен белсенді жастар, жалпы саны 250 тыңдаушы қатысты.

Конференция барысында спикерлер «Елбасы – Тәуелсіздік символы», «Тәуелсіздік – рухани жаңғыру кепілі», «Сарабдал саясаткер жолымен» және т.б. тақырыптарда баяндамалар оқыды, жастардың ойлары тыңдалды. Конференция соңы еркін пікір алмасуға ұласты.

Пікірлер