Халық Банктің демеушілігі: Таудағы туризм қауіпсіз болмақ

41332
Adyrna.kz Telegram

30 қарашада «Аюсай» визит орталығында брифинг өтті. Оған Алматы қаласы әкімдігінің Туризм басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті, қалалық құтқару қызметі және Халық банкінің өкілдері брифингке қатысып, таудағы қауіпсіз туризм тақырыбын талқылады.

Тау қашанда қауіпті аймақ саналады. Дайындықсыз тауғ саяхаттау адам өміріне қауіпті болуы мүмкін. Соңғы екі жылда Алматы маңындағы тауларда бес адам көз жұмған. Сондықтан таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету де маңызды. Осы мақсатта  Халық банкі демеушілік жасап, Алматы маңындағы тауларға 11 құтқарушы үйшігін орнатып, 18 күн батареясы мен 1 дрон сатып алған.

Үйшіктер таудың ең биік тұстарына қойылған. Үйшіктің ішінде тамақ, дәрілер жиынтығы, екі адамға арналған төсек, жылыту құрылғысы, телефон қуаттандырғыш, құтқарушыларды шақыру тетігі бар. Бұл тауда жоғалып кеткен туристердің өмірін сақтап қалуға бағытталған тамаша бастама.

Халық банкі тарапынан демеушілік көмек аясында аударылған қаражаттың жалпы сомасы 101 479 000 теңгені құрады, оның 47 300 000 теңгесі модульдік құтқару үйлерін жасауға, 39 924 000 теңге – автономды күн электр станцияларын сатып алуға және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға 1 200,000 теңге жұмсалған. Банк өкілдері демеушілік жасау тоқтамайтынын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер