Қазақстан мен Өзбекстан $5,9 млрд долларлық келісімдерге қол қойды

3088
Adyrna.kz Telegram

Елордада Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы мен Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің 4-ші отырысы өтіп, жалпы сомасы 5,9 миллиард АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Деректерге сүйенсек, Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1400 кәсіпорын жұмыс істейді. Түркістан облысында өткен бұл форум қарсаңында екі елдің кәсіпкерлері де 600 миллион долларға келісімге келді.

Форум барысында министрліктер, ведомстволар, салалық қауымдастықтар мен бизнес өкілдері ынтымақтастықтың келешегі туралы айтып, перспективалық бірлескен жобаларды таныстырды. Отырысқа қатысушылар ұсынылған жобаларды мемлекеттік қолдаудың практикалық аспектілері мен тетіктерін "G2B" және "B2B"форматтарындағы келіссөздерді талқылады.

- Форум қорытындысы бойынша жалпы сомасы 5,9 миллиард долларды құрайтын сауда келісімшарттары мен екіжақты келісімдерге қол қойылды, - деп хабарлады министрлік.

Жасалған келісімдер алдағы бірнеше жылда 20-30 мың жаңа жұмыс орнын ашуға негіз болады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы мен Өзбекстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің 2022 жылға арналған негізгі іс-қимыл жоспарын мақұлдады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер