Индонезияда жанартау атқылап, 14 адам көз жұмды (ВИДЕО)

3242
Adyrna.kz Telegram

Индонезияның шығысындағы Ява аралындағы Семеру жанартауының атқылауынан қаза тапқан тұрғындар саны 14 адамға жетті. Тағы жүзге жуық тұрғынның денесін күйік шалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Жанартаудың атқылауы кеше басталған еді. Жоғалып кеткен азаматтарды іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша табиғат апатынан 14 адам көз жұмып, 100-ге жуығы жараланды.

Жақын маңайдағы 11 елді мекеннен мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

- Мен уақытша баспанада тұрып жатырмын. Адамдар мұнда үйлері қирағандықтан келді. Оларда тамақ, су жоқ. Біз мұнда қанша уақыт тұруға болатынын білмейміз, – дейді ерікті Ахмад.

Еске сала кетейік, Индонезия Тынық мұхитының «отты шеңбер» деп аталатын сейсмикалық қаупі жоғары аймақта орналасқан. Соңғы рет ол биыл қаңтарда атқылаған. Алайда ол кезде ешкім жапа шеккен жоқ.   

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер