Жемқорлық: 11 айда 159 басшы ұсталған

2893
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда биылғы 11 ай ішінде облыс деңгейіндегі 159 басшы "жемқорлық қылмысы үшін" жауапқа тартылған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Ақорда" сайтының хабарлауынша, бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Марат Ахметжанов  ведомствоның жұмысы жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берген кезде  мәлімдеді.

Марат Ахметжановтың айтуынша, биыл 11 айдың ішінде 1576 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. 1280 азамат, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 159 басшы жемқорлық қылмыс бойынша жауапқа тартылған. Талан-таражға түскен 20 миллиард теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылған.

Айта кету керек, "Transparency International" халықаралық ұйымының биыл қаңтарда жарияланған жемқорлық индексінде Қазақстан 180 елдің ішінде 94-орында тұр. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер