Атырауда полицияға тергеуге барған жігіт жоғалып кетті

2540
Adyrna.kz Telegram

Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше күннен бері табылмай жатыр. Оны 30 қараша күні Атырау қалалық полиция басқармасына тергеуге шақырған, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы "Stan.kz-ке" сілтеме жасап. 

Ол 30 қарашада таңертең үйінен практикаға баруға шыққан. Бұдан соң полиция департаментіне тергеуге бару керек болған. Оның қандай бап бойынша жауап алуға шақырылғаны белгісіз. Жас жігіт полиция басқармасының дәлізінде біраз уақыт отырғаннан кейін көшеге шығып, байланысқа шықпай қалған.

Анасының айтуынша, соңғы рет 30 қарашада кешкі жетіде баласымен сөйлескен. Осыдан кейін оның телефоны өшірілген. Әлеуметтік желіде жоғалған жігіт туралы ақпарат тарап жатыр.

“Жігітті іздестіріп жатырмыз. Әзірше қайда екені анықталған жоқ”, —деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер