Назарбаев Түркістан республикасын құру туралы: Славян мемлекеттерімен соғыс болар еді

3475
Adyrna.kz Telegram

Оливер Стоунның Qazaq: The History of Golden Man жобасының екінші сериясында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанмен және Түркіменстанмен бірыңғай Түркістан республикасын құру ұсынылғанын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұсыныс 1991 жылғы 16 желтоқсанда Орталық Азия елдерінің саммитінде айтылыпты.

"Мен осында келгенде (Қазақстанға Мәскеуден келдім. - Еск.), Өзбекстан, Түрікменстан - бәрі менен не істеу керегін сұрай бастады. Біз Түрікменстанда, Ашхабадта жиналуды ұйғардық. Түркіменстанның марқұм президенті Сапармұрат Ниязов бізге бірігуді, Түркістан республикасын құруды ұсынды. Бұл қауіпті болар еді. Бұл қақтығыс, славян республикаларымен соғыс болар еді. Славяндар мен славян еместер арасында бөліну пайда болар еді", - деп бөлісті Назарбаев.

Ол бұл көптеген ұсыныстың бірі екенін түсіндірді.

"Мен және Өзбекстан Президенті мұндай идеяға қарсы шықты. Неліктен Ресей, Украина және Беларусь Кеңес Одағының таратылғаны туралы жариялады? Себебі сонау 1920 жылы Социалистік Республикалар Одағы құрылған кезде, осы үшеуі алғашқы қол қоюшылар болған. Ашхабадта отырғанда Ельцин бірнеше рет қоңырау шалып, бәрін Беловеж келісіміне қосылуға көндіруді өтінді", - деді Тұңғыш Президент.

Оның айтуынша, талқылау екі күнге созылды.

"Консенсус осылай болған соң, текетіресудің қажеті жоқ, тең құқылы мүше ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіру керек еді. Біз (Ресей, Украина және Беларусь басшылары. - Еск.) басшыларына бізге келіңіздер, біз қол қоямыз деп ұсындық. Беловеж келісімі 8 желтоқсанда, 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда ТМД құру туралы келісімге қол қойдық", - деді Назарбаев.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер