Ресей ғалымдары мамонттарды тірілтпек

3456
Adyrna.kz Telegram

Якутияда құрылған Дүниежүзілік мамонт орталығы ежелгі жануарларды тірілтетін болады. Бұл туралы  табиғи және мәдени мұраны қолдау және сақтау жөніндегі "Мамонт эффектісі" қорының президенті Екатерина Кузьмина мәлімдеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Lente.ru" сайтына сілтеме жасап.

Ресей Президенті Владимир Путиннің Жарлығымен орталық 2035 жылға дейінгі Арктикалық аймақты дамыту және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясына енгізілген. Орталықта ғылыми-зертханалық кешен, мамонт фаунасының криосторажы, мұражай-көрме кешені, сондай-ақ "Мұз дәуірі саябағы" ғылыми-зерттеу алаңы болады.

Қор президенті Екатерина Кузьминаның айтуынша, мамандар "Мамонт эффектісі" қоры, Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі, Якутия ғылым академиясы және  Artembryogen Engineering компаниясының  "Сколково" резиденті арасындағы келісім бойынша мамонт ДНҚ-сын зерттемек.

Бірінші кезеңде ғалымдар өсіруге және генетикалық материал ретінде пайдалануға жарамды ұлпаларды алады, соматикалық жасуша мен энуклеацияланған жұмыртқаны біріктіру арқылы реконструкцияланған клондық эмбрионды жасайды деп жоспарлануда.  Ол үшін жануарлардың ұқсас түрлерінің жұмыртқалары қажет болады. Осы мақсатта мамонттарға ұқсас пілдер алынуы мүмкін.

"Бұл батыл, бірақ орындалатын міндет", - деді ол. Бұған дейін америкалық ғалымдар Якутияда мамонттарды тірілту жоспары туралы айтқан болатын.

Америка Құрама Штаттарының Colossal Biosciences компаниясы Ресейде мамонтты тірілтіп, өсіргісі келді. Эксперимент жүргізуге атақты ғалым Джордж Черч тағайындалды.

Оның айтуынша, жойылып кеткен жануарлардың түрлердің қайта тірілту ормандарды қалпына келтіруге, сондай-ақ арктикалық шабындықтарды жандандыруға көмектеседі.

Америкалықтар төрт-алты жылдан кейін ең бірінші жануарды алып кетуді жоспарлап отыр. Ал Якут билігі жойылған жануарлардың клондарын жергілікті Плейстоцен саябағына орналастыруды көздейді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер