Елбасы жайлы қызықты фактілер

7057
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/izobrazhenie_2021-12-01_154134.png
Бүгін, яғни 1 желтоқсан – тұңғыш президент күні. Осы күнге орай елбасы туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынамыз. 1. Нұрсұлтан Назарбаев жоғары оқу орнының сынағынан өте алмай қалып, банкте 2 ай қарауыл болып қызмет істеген; 2. 1997 жылдан бері Персеус RA 3h 23v Osd 40* 43 нөмірлі жұлдызы елбасының атында; 3. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі әзірге 10-ақ адамға берілген алтыннан да қымбат бағаланатын ниобийден медаль таққан; 4. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш негізі бидің ұрпағы. Қазақ, орыс және балқар тілдерін жетік білген; 5. Анасы Әлжан қазіргі Қордай ауданы, Қасық ауылындағы молданың қызы болған; 6. Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай өмірінде алғаш рет Абай шыңына (4010 м) шықты; 7. Президент 1996 – 2005 жылдар аралығындағы ең ауыр сынағы – 9 жыл бойы көршілермен делимитация жұмысын жүргізіп, тыныш аяқтады; 8. Елбасы бала кезінен жеміс ағаштарын будандастыруды үйреніп, Алматының колхоз базарына алма-алмұрт әкеп сатқан; 9. Нұрсұлтан Назарбаев алғаш 5 жасында атқа мінген, 55 жасында тау шаңғысына тұрған; 10. Президентіміз 1995 жылы үлкен теннисті үйреніп бастады, ал 1996 жылдан бері гольф ойнайды; 11. Елбасының 12 атасы: Әбіш, Назарбай, Еділ, Кембаба, Мырзатай, Айдар, Көшек, Қарасай, Алтынай, Есқожа, Малды-Ыстық, Шапырашты; 12.  Нұрсұлтан Назарбаевтың атасы би Назарбайдың 1880 жылдары су диірмені және оған тартылған 214 метрлік арығы болған; 13. Нұрсұлтан Назарбаев атында Иорданияда, Түркияда және Шешенстанда көшелер аталған; 14. Елбасы саяси мемуарлар оқуды ұнатады. Ш.Голль, М.Ататүрік, У.Черчилль өмірлерін түп-тұқиянына дейін зерттеген; 15. Тек 1991 мен 2006 жылдар аралығында президенттің өз атымен 12 кітабы жарыққа шыққан; 16. 1981 жылы Дінмұхаммед Қонаев өзінің мерейтойында Нұрсұлтан Назарбаевты «өзімнің балам» деп таныстырған.

Дереккөз

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии