Қазақстандық блогерлер Мәскеуде 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айырылды

4548
Adyrna.kz Telegram

Мәскеудегі преснен соты блогерлер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов, Ерсін Дүмшебайды 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Сот шешімімен айыпталушылар 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айырылды және сот залында қамауға алынды", - делінген Мәскеу прокуратурасының хабарламасында.

Stan.kz сайтының мәліметінше, оқиға наурыз айында болған. Үш блогер Преснен жағалауына бизнес-класындағы такси шақырып, пранк жасамақшы болған. BMW жүргізушісі жолаушылардың өтінішімен заттарды жүксалғышқа салып жатқанда, блогерлердің біреуі рөлге отырып, көлікті ұрлап кеткен. Олар мұның барлығын видеоға түсіріп алған.

Кейінірек кінәлілер жүргізушіге келіп, жағдайды түсіндірген. Алайда полицияда көлік ұрлау бабымен қылмыстық іс қозғалып, жас жігіттер қамауға алынған еді.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер