Шымкент қаласында кадр резервіне кандидаттарды іріктеудің екінші кезеңі басталады

2229
Adyrna.kz Telegram
1 қыркүйектен бастап Президенттік кадр резервіне кандидаттарды іріктеудің екінші кезеңі басталады. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 адам таңдап алынады. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев хабарлады.
Баспасөз мәжілісінде агенттік басшысы үміткерлерге қойылатын негізгі талаптармен таныстырды.
- Президенттік кадр резервіне кандидаттарды іріктеудің екінші кезеңіне құжаттар онлайн түрде қабылданады. Ал үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар бұрынғыдай Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс, жасы 35-тен аспаған жоғары білімі бар және өңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. Бұл жолы жастар резервтерінен білім мен дағдыдан бөлек, қоғамдағы мәселелерден хабардар болып, оны шешуге қызығушылық танытуы жоғары бағаланады. Мұнан бөлек, арнайы тапсырмалар беріліп, үміткерлердің білімі мен білігіне басымдық беріледі.,-деді Әли Амантайұлы.
Сондай-ақ ҚР Парламенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаев кандидаттардың мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификаттары болуы керектігіне тоқталды. Оның айтуынша жастардың дайындығын пысықтау мақсатында ақылы және тегін онлайн курстар ұйымдастырылады.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер