Ресейге берілген жер қайтарылды

3227
Adyrna.kz Telegram

Ресей Қазақстаннан жалға алған Атырау облысындағы (Қызылқоға ауданы) жерлердің негізгі бөлігі мемлекеттік қорға қайтарылатын болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Ақжайыққа»  сілтеме жасап. 

Тиісті заң күшіне енді. Кезінде РФ қорғаныс министрлігі Қызылқоға ауданындағы 750 мың гектарды 25 жылға жалға алған болатын. Ондағы полигонда жиырмадан астам ядролық жарылыс болып, кейін ол жерлер ұзақ уақытқа дейін пайдаланылмады.

ҚР премьер министрінің орынбасары Роман СКЛЯР осы жерлерге қатысты депуттатардың сауалына былай деп жауап берген еді:

— 2016 жылғы 22 ақпанда сынақ полигондарын пайдалану және жалдау туралы шарт ратификациаланды. Шарт туралы бұрын Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінен жалға алынған № 929 «Мемлекеттік ұшу сынақ орталығы» полигонының солтүстік бөлігі Қазақстанның юрисдикциясына өтті. Атырау облысының Қызылқоға ауданында ресейлік әскерилердің жалында 749,6 мың гектар жер болған еді.

Оның айтуынша 624,6 мың га (83,3 пайыз) жер мемлекеттік қорға қайтарылды. Жер қайтарылғаннан кейін екі жыл топырақ пен суға зерттеулер жүргізіліп, нәтижесі бойынша экологиялық қауіпсіз және ауыл шаруашылығына жарамды екені белгілі болды.

- Тайсойғанда бұрыннан полигон жерінде отырған 32 қыстақтың 53 мың 600 гектар жері заңдастырылып берілді. Олар шаруа қожалықтарын құрып, мал шаруашылығын өркендетумен тікелей айналысып жатыр. Ал жуық арада 90 шаруа қожалығына 118 900 гектар жер пайдалануға берілді, - дейді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев.

 

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер