Қазақстан экология рейтингі бойынша ең соңғы орында тұр

5550
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан экология рейтингі бойынша ең соңғы орында тұр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Energyprom.kz мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға, жақсартуға миллиардтаған доллар да көмектеспейтін сияқты. CCPI (Climate Change Performance Index) 2022 рейтингіне сәйкес, Қазастан ең төменгі орынды ұпай жинақтады, яғни 19,81. Өткен жылмен салыстырғанда тоғыз позицияға төмен.

CCPI - 2005 жылдан бері жыл сайын жарияланатын климаттың өзгеріп отыруын тексереді. Бұл 60 ел мен Еуропалық Одақтағы климатты қорғаудың тиімділігіне арналған тәуелсіз бақылау құралы.

Климат өзгеруінің тиімділігі төрт санат бойынша бағаланады:

• парниктік газдар шығарындылары;

• жаңартылған энергия;

• энергияны пайдалану;

• климаттық саясат.

Төрт категория бойынша Қазақстанның рейтингі өте төмен.

Мәселен:

парниктік газдар шығарындылары бойынша Қазақстан 64-тің ішінде 63-ші орынға

Ал энергияны пайдалану санатында 63-орын

Жаңартылатын энергия санатында 59-шы,

климат саясаты бойынша 54-ші орында.

Алғашқы ең жақсы деген көрсеткішке лайық үш орын бос қалды. Өйткені бірде-бір ел индекс санаттары бойынша жақсы нәтиже көрсеткен жоқ. Үздігі Скандинавия елінде болды:

4, 5 және 6 орындарды Дания (76,92 ұпай), Швеция (74,46 ұпай) және Норвегия (73,62 ұпай) иеленді.

Ресей де рейтингі төмен елдер қатарында: 56-орын және 35 ұпай. Беларусь бұған қарағанда біршама жақсырақ: 48-орын және 46,91 ұпай. Алайда бұл да төмен рейтингті білдіреді.

Соңғы орындарда Қазақстаннан бөлек Сауд Арабиясы (63-орын, 24,45 ұпай) және Иран (62-орын, 26,35 ұпай) елдері тұр.

Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі капиталға құйылатын инвестиция көлемі өсті. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте 115,9 млрд теңге болса, қазір 118,9 млрд теңгені құрайды.

2021 жылы салаға құйылған инвестицияның жалпы көлемінің үштен бір бөлігі дерлік тек Жамбыл облысының үлесіне тиді – 39,1 млрд теңге. Үштен бірінен астамы Ақтөбе облысына (18,8 млрд теңге), Нұр-Сұлтанға (14,2 млрд теңге) және Атырау облысына (11 млрд теңге) тиесілі.

Шотландияның Глазго қаласында өткен климаттық конференцияда Қазақстан 50-ге жуық мемлекет қол қойған көмірден таза энергияға жаһандық көшу жөніндегі мәлімдемеге қосылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер