Зерттеу: Орталық Азияда ағылшын тілін ең жақсы білетін ел - Өзбекстан

2611
Adyrna.kz Telegram

EF English Proficiency Index бүкіл әлем бойынша ағылшын тілін меңгерген елдер бойынша зерттеу жүргізді. Мәліметтер бойынша Өзбекстан 112 өкілдің ішінде 88-орында, деп хабарлайды "Адырна". 

Өзбекстан рейтингте Албания мен Сирия арасында орналасқан ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» деп бағаланған елдер тобына енді.

Орталық Азияның басқа елдерінің ішінде Қазақстан 96-шы орында, Қырғызстан - 101 және Тәжікстан - 103. Ал Түркіменстан тіпті тізімге енген жоқ.

Ағылшын тілін білу деңгейі бойынша тізімде Нидерланды, Австрия және Дания көш бастап тұр.

Соңғы бір жылда адамдардың тіл үйренуге деген қызығушылығы күрт төмендеді. Пандемияға байланысты адамдар аз саяхаттай бастады, іссапарлар да тоқтап қалды және соның салдарынан тіл үйрену деңгейі де төмендеген сыңайлы. 2019 жылы сауалнама 100 ел арасында, ал 2021 жылы 112 ел арасында жүргізілді.

EF EPI 2021 нәтижелерінің кейбірі мынадай:

2020 жылмен салыстырғанда 30 жастан асқан адамдарда прогресс байқалады, ал 40 жастан асқандар алғаш рет тілді орташа меңгеру деңгейіндегі топқа енді. Бұл тенденциялар ересектердің мансабын дамыту кезінде тілдік дағдыларды меңгеру қабілетінің жоғары екенін дәлелдейді.

Гана, Гаити, Конго Демократиялық Республикасы, Мадагаскар, Мозамбик, Молдова, Сомали, Танзания және Оңтүстік Судан индекске алғаш рет кіру үшін жеткілікті деректерге ие.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер