"Ербол, көрсетем мен саған!"- Алмасбек Садырбаев Ауыл шаруашылығы министріне шүйлікті (ВИДЕО)

6214
Adyrna.kz Telegram

Ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшы, «Шопан ата» қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев Qasqa Jol арнасына берген сұхбатында билік Батыс өңірлерде мал қырылып, жұт болып жатқанын мойындамай отырғанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оның сөзінше, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев жағдайды білу үшін өңірлерді дұрыс араламайды.

- Ербол Қарашүкеев Маңғыстауға барып, Үкімет тарапынан қаражат бөлгізіп берді де өзі қашып кетті. Айналайын, сен Ауыл шаруашылығы министрісің, сен о жерден кетпеуің керек. Кеше ел шулап жатқанда, ол Америкада жүрді. Ол АҚШ-та емес, Маңғыстауда жүру керек. Сонда жетілеп жатып, ахуалдың бәрін көру керек. Тек дайындаған жерге барып, сол жерден қайтады. Қайда барса да сол. Жамбыл облысына да менен кейін барып, бір-екі бай шаруада жолығып қайтты, - деді ол.

«Блатной қойшы» атанып кеткен Садырбаев министрге үндеу жасап, Батыстағы шаруаның қиын халімен бірге танысуға шақырды.

- Ербол, жігітсің ба, мен саған көрсетейін. Әкіммен бірге барма, менімен бар. Әкім дайындаған жерге барасың сен. Сен деген білдей бір елдің министрісің. Ауылдан шыққан азаматсың, жүрші, мен саған көрсетейін. Бірінші барғаныңда жаныңда тұрып бердім ғой сен сенің. Ал сен енді менің жанымда тұрып бер. Содан кейін шешімді қабылда. Президентке жағдайды жеткізетін сен, мен емес,- деп айтты А.Садырбаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер