Ресейде 22-жастағы Қазақстан тұрғынын зорлаған үш полиция қызметкері ақталды

3251
Adyrna.kz Telegram

Екатеринбургтің Ленин аудандық соты 22 жастағы Қазақстан азаматын қызметтік көлікте зорлау ісі бойынша бұрынғы үш полиция қызметкерін ақтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сот полиция қызметкерлерінің әрекетінен қылмыстың заттай айғақтарын таппаған.

Тергеу мәліметінше, 2019 жылдың 18 тамызында полицейлер Вадим Мустафин, Андрей Бессарабов және Вячеслав Тропин есімді Қазақстан азаматын ұстаған. Олар қызды УАЗ полицей көлігіне отырғызып, зорлаған.  Жәбірленушінің айтуынша, полиция қызметкерлері оны бөлімшеге апарып, «кезек-кезек зорлаймыз» деп қорқытқан.

Үш полиция қызметкері де қызметтерінен босатылды. Ішкі істер министрлігі тексеруден кейін олардың үш қызметкері құқық қорғау органдарынан қызметінен босатылып, тағы 14 қызметкер тәртіптік жазаға тартылғанын хабарлады.

2020 жылдың шілдесінде Ленин аудандық соты Мустафинді алты жарым жылға, ал Тропин мен Бессарабовты әрқайсысы 6 жылдан бас бостандығынан айырған болатын.

Сол жылдың желтоқсанында Свердлов аудандық соты үкімді бұзып, істі жаңадан сот талқылауына жіберген болатын. Бұл шешім, E1.ru-дың жазуынша, жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты өзгерген: қыздардың бірі жәбірленушінің жезөкшелікпен айналысқанын мәлімдеп, сутенерлік жасады деп айыпталушы Александр Колосовтың нұсқауы бойынша полицияға жала жапты, ал полиция олардың бизнесіне кедергі келтірмек болды деп түсіндірген.

Жәбірленушінің өзі басылымға полицияға арызбен баруға қорқатынын айтты. «Мен өзімді қорғауға тырысқанның өзінде бұл менің жағдайымды одан сайын нашарлатады, мені ұрып-соғады немесе бәрі өліммен аяқталады деп қорықтым», - деді ол. "Мен полицияға тағы баруға қорықтым, әділетсіздік үшін күйіндім, алайда үйде қамалып отыра бергім келді, Мен жалғыз бара алмаймын, мені досым мен құрбым көндірді».

Үкім заңды күшіне енген жоқ, оған әлі де шағымдануға болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер