«Низамхан» мектебі күрделі жөндеуден соң қайта пайдалануға берілді

21

Низамхан Сулайманов атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге арналған алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасына қалалық мәслихат хатшысы Баһадүр Нарымбетов қатысты.

Мекеме басшылары ағымдағы оқу жылы 1700 баланы қабылдағанын айтады. Олардың мұнда сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

Сыртқы көрінісі Ақ орданы еске түсіретін мына мектеп биыл күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігі үшін қолданысқа берілді. Низамхан Сулайманов атындағы орта мектепте бүгін 300-ге жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Бір жарым жылдай дәстүрлі оқыту форматында сабақ өтпеген ұстаздар да осы күнді асыға күткенін айтады.

Гүлбағира Әбдімұсаева, Низамхан Сулайманов атындағы орта мектеп мұғалімі: «Бүгін 1 қыркүйек білім күні. Тұңғыш рет онлайн форматтан кейін ең алғашқы рет осы Низамхан орта мектебіне алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерді шын жүректен құттықтаймын. Міне, білім ордасына қараңыздар. Қаншама жаңадан балалар келіп отыр. Ең алғашқы жаңа мектепте жаңа қадам басып отқан осы бүлдіршендерді құттықтаймын. Алғашқы қоңырау құтты болсын».

Карантин талаптарына байланысты бүлдіршіндердің ата-аналары салтанатты іс-шараны мектеп ауласынан бақылады. Бірақ, олардың жүзінде ешқандай уайым жоқ. Олар осындай заманау талапқа сай салынған керемет мектептен болашағы жарқын азаматтар шығады деп сенеді.

Анафия Кадирова, Шымкент қаласының тұрғыны:

«Осы жерге, құдай қаласа, жаңа мектепке жаңа оқу жылымен бүгін немеремді әкеп отырмын. Немеремнің алғашқы қадамы құтты болып, осы жақтан тарыдай боп кіріп, таудай боп шығып, үлкен, білімді азаматша болсын. Мынау елімізде болып жатқан коронавирус жаман індеттер кетіп, осы 2 жылдан бері оқу жылдары болмай, балалармыздың бәрі емін-еркін оқып, елімізде тыныштық болсын».

Бұл мектептің басқалардан ерекшелігі балаларды тест арқылы байқаудан өткізіп, нәтижесінде жақсы көрсеткішке ие болғандар Низамхан Сулайманов атындағы ай сайын берілетін степендияға қол жеткізеді. Оған тек 5-11 сынып оқушыларының мүмкіндігі бар. Шәкіртақының мөлшері 10 мың мен 25 мың аралығы.

Гүлшат Базарқұлова, Низамханов Сулайманов атындағы орта мекеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: «Қазіргі заманауи талапқа сай барлық сынып бөлмелері интерактивный тақтамен, компьютерлі кабинеттермен, спортзалымыз бар, асханамыз бар, балалардың оқып білім алуына толық жағдай жасалған. Қазіргі таңда 100-дей маманымыз бар. Барлығы жоғары білімді, өте дәрежелі керемет мұғалімдеріміз бар және қосымша үйірмелеріміз бар, спорт секцияларымыз бар».

Жалпы Низамхан Сулайманов атындағы орта мектеп 2200 балаға лайықтап салынған. Ағымдағы жылы оқуға 1700 баланы қабылдап отыр. Биыл мұнда 3 сыныптан тұратын 76 мектеп бітіруші түлек аяқтайды деп күтілуде. Оның төртеуі Алтын белгіге үміткер.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы