Атырауда «Алтын сақа» олимпиадасына дайындық өтті

333

Атырауда ZERDELI ақыл-ой дамыту мектебі мен Таланттарды анықтау және қолдау орталығы 2-5 қараша күндері «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп. 

«Ұстаз» мектебінде өткен дайындыққа облыс мектептерінің V-VI сыныптарда оқитын 62 бала қатысты. Жас математиктерді дайындау үшін Нұр-Сұлтан қаласы ZERDELI ақыл-ой дамыту мектебінің ұстазы Әрін Қайсарұлы арнайы келді.

– Дарынды балаларды «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңіне дайындап жатырмыз. Облыс бойынша жиналған оқушылармен бір апталық жұмысымыз сәтті өтті. Оқу-жаттығудың соңғы күнінде ерекше қабілетті 14 балаға облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова алғысхат табыстады. Бұл кезең оқушылар үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін. Өйткені, білікті ұстаздар дәріс беріп, оқушыларды жан-жақты дайындауда. Балалар «Ұстаз» мектебінің жатақханасында тұрақтап, уақыттарын тиімді өткізуде, – дейді таланттарды анықтау және қолдау орталығының директоры Руслан Сарбалин.

5727be24 5b4f 479e bbca 62f0314213c8

«Алтын сақа» олимпиадасы – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша білімді балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі. Бірнеше күнге созылған олимпиадаға дайындық барысында  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қолдауымен оқушылар түрлі психологиялық тренингтерге қатысып, қаланың мәдени ошақтарын аралады.

Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар