БҰҰ: Қыс жақындады, ауғандықтардың өмірі тозаққа айналады

2944
Adyrna.kz Telegram

Ауа райының күрт суытуы мен құрғақшылық Ауғанстандағы азық-түлік дағдарысын ұлғайта түсуде, деп ескертті БҰҰ сарапшылары ВВС-ге берген сұхбатында. Бұл туралы "Адырна" сайты хабарлайды.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) атқарушы директоры Дэвид Бисли 7 қарашадағы Кабулға барған сапарынан кейін: «Ауғандықтардың 95 пайызы өз-өздерін тамақпен қамтамасыз ете алмайды және біз олардың барлығының аштыққа ұшырағанын көріп отырмыз», - деді. Ауғанстандағы келесі алты ай жер бетіндегі тозаққа айналады», - деді.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының сарапшылары бірнеше ай бойы халықаралық қауымдастықты Ауғанстанға көмек көрсетуді қайта бастауға шақырып келеді. Талибан билікті басып алғанға дейін елге дәрі-дәрмек пен азық-түлік жеткізілген. Бірақ ескі режимнің құлауымен бірге қолдау да жоғалып кетті.

Батыс елдері қыздардың білім алуына тыйым салатын және шариғатты бұзғаны үшін қатаң жазаларды қалпына келтіретін «Талибан» қозғалысымен байланысқысы келмейді, деп жазады ВВС.

Кабулдан 50 шақырым жердегі Вардак провинциясында бірнеше жүз адам ұн аламыз деген үмітпен кезекке тұрды. Бұл БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының көмегінің қалған құтқаны еді.

Кезекте тұрған ауған қарт: «Қыс басталды дей берелік», - дейді. «Егер нан пісіретін ештеңе болмаса, мен қақаған қыстан ақалай аман шығатынымды білмеймін» деді ол.

Ауғанстанның орталығындағы Бамиян қаласында үш пен 16 жас аралығындағы жеті баласымен жалғыз тұратын жесір әйел Фатема да тамақты қайдан аларын білмейді. Күйеуі қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. Бұрын Фатема көрші шаруаның жерін арам шөптен жұлып ақша табатын. Бірақ құрғақшылық оған ақша табуға мүмкіндік бермеді.

«Мен қорқамын, балаларымды тамақтандыратын ештеңем жоқ», - дейді Фатема. «Жақында менің қайыр сұрауыма тура келетін секілді».

Кейбір ауғандықтар ақша алу үшін қыздарын сатып жіберді. Фатема бұл ойдан бас тартты.

Дэвид Бисли халықаралық қауымдастықты жазықсыз адамдардың өліміне жол бермеуге шақырады:

«Біз жас балалардың аштықтан өлуіне көз жұма қараудамыз. Бұл сұмдық. Бұл балалардың қайда екені бізге маңызды болмауы тиіс, ең бастысы көмек».

2021 жылдың тамызында халықаралық коалиция әскерлері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін Талибан содырлары елдегі билікті басып алды. Олар әйелдердің білім алуына тыйым салып, көпшілік алдында жазалауды, соның ішінде ұрлық жасағандар үшін аяқ-қолын кесуді қайта бастады. Талибан режимін әлемнің ешбір мемлекеті ресми түрде мойындаған жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер