Ақтаудағы жарылыс: Қайтыс болғандар туралы тараған ақпарат жалған

3742
Adyrna.kz Telegram
Ақтаудағы жарылыстан қайтыс болғандар туралы тараған ақпарат жалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«WhatsApp» мессенджерінде Ақтауда 7 қараша күні шамамен сағат 21.18-де Ақтау қаласында орын алған жарылыс нәтижесінде 14 адам қаза тауып, 25 адам жансақтау бөліміне түсті деген жазба тарады.
Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұхановтың мәліметінше, 7 қараша сағат 23.45-гі жағдай бойынша облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жарылысқа қатысты қоңырау тіркелмеді.
- Сондай-ақ жансақтау бөліміне жарылыстан зардап шеккен науқастар түскен жоқ. Қазір оқиға орнында 4 бригада жұмыс істеп жатыр, - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұханов.

Айта кетейік, жарылыс болған «Аянат» дәмханасының иесі Абай Әміреевтің айтуынша оқиға болған уақытта кафеде қызметкерлер мен қонақтар болмаған.
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер