Ақтауда дәмханада жарылыс болды (ВИДЕО)

3926
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласында 7 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21.18 минутта 29 "А" шағын ауданындағы "Шерқала" кешенінде орналасқан екі қабатты "Аянат" дәмханасы жарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Маңғыстау облыстық әкімдігіне қарасты қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, қазір  жарылыс аумағында 18 техника мен 50-ге жуық қызметкер жұмыс істеп жатыр.

Жарылыс болған жерде қазір Ақтау қалалық өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарының 7 техникасы мен 22 қызметкері, облыстық полиция департаментінен 11 техника мен 25 қызметкері жұмыс істеуде.

"Маңғыстау облыстық төтенше жаңдайлар департаментіне жергілікті уақыт бойынша сағат 21.18 минутта 29 "А" шағын ауданындағы "Шерқала" кешенінде орналасқан екі қабатты дәмханада белгісіз жағдайда жарылыс болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Бірден оқиға орнына арнайы қызмет өкілдері жетті. Қазір жарылыстың себебі мен бүлінген аумақ және шығын көлемі анықталуда",-деді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Мақсат Шапқатов.

Айта кету керек, жарылыс туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарап кетті. Әсіресе инстаграм желісінде фотолар мен видеолар тарап үлгерген. Тіпті ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев жарылыс болған аумақты дронмен видеоға түсірген.

 

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер