Теңіз мұнай-газ кен орнының жұмысы уақытша тоқтап қалды

2469
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Теңіз мұнай-газ кен орнында ақауға байланысты зауыт жұмысы уақытша тоқтап қалды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "orda.kz-ке" сілтеме жасап.

Қызметкерлерді эвакуациялаудың қажеті болмады.

— Екінші буынды мұнай және газ өңдеу зауытының тоқтауы 6 қараша күні У-200 консолінің басқару пультінде G-211A сорғы жағдайының дұрыс көрсетілмеуіне байланысты болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. "Теңізшевройл" ЖШС мамандары автоматтандырылған құрылғының ақауының себебімен айналысуда, – деді компания өкілдері.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, зауыт технологиялық режимге сай жұмыс істей бастады.

Теңіз кен орны жылына 27 миллион тоннадан астам мұнай өндіреді. Өндірісті кеңейту жүргізілуде, ол аяқталғаннан кейін өндіру жылына 38 миллион тонна мұнайға жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармай тапшылығына негіз болатын еш себеп жоқ деп мәлімдеген болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер