Өзбектер болашақта Қазақстан туралы бірнеше кино түсірмек

2755
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстандық кино майталмандары болашақта Қазақстан туралы бірнеше бағытта тың туындылар түсірмек. Бұл туралы «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің басшылығы  елшімен кездесу барында мәлімдеді.

Басқосуда екі ел арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайту мақсатында арнайы жол картасын жасау жайы да сөз болды. Онда кино саласындағы байланыстың негізгі бағыттары мен мақсаттары көрсетіледі. Жобаны жүзеге асыру үшін сценаристер мен кино режиссерлер және операторлардан жасақталған бірлескен шығармашылық топ құру жайы да айтылды. Көршілер қазірдің өзінде ұлттық батырлары Жалаледдин Мангуберди жайлы түсіріп жатқан киносының басым бөлігін Қазақ жерінде түсіруді жоспарлап отыр екен. Туынды арқылы бауырлас елдердің тарихы мен мәдениетінің бір екенін көрсетеміз,- дейді режиссерлар.

- Шын мәнінде біз Қазақстандық достарымызбен бірге кино саласында көп нәрсе атқаруымыз қерек. Өйткені қазақ халқымен тамырлас, тұтас діңгек болып бірігіп, байланысып жатырмыз деуге болады. Біздің тіліміз де, дініміз де, салт-дәстүріміз де дүниетанымымыз да бір-біріне жақын. Сондықтан біз  қазірден бастап болашаққа бағдар жасауымыз қажет, - деді Шухрат Ризаев, «Өзбеккино» ұлттық агенттігі бас директорының бірінші орынбасары.

Биыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында біздің елде өзбек киносының күндері ұйымдастырылады.


24.kz


 

Пікірлер