Алматыда қоқыс таситын көлік өртенді (видео)

3758
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/izobrazhenie_2021-11-06_160408.png
Алматыда Әл-Фараби даңғылында қоқыс таситын көліктің кабинасы өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы дереккөзге сілтеп.  Оқиға 5 қараша күні сағат 16:25-те болған. 1991 жылы шығарылған «MAN» маркалы қоқыс таситын көліктің қозғалтқыш бөлігі мен кабинасы 4 шаршы метр аумақта өртке оранды, - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті. Өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігіндегі қысқа тұйықталу себеп болған. Өрт 16:53-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ведомстводан. Ведомство көлік құралдарының иелеріне автокөліктердің техникалық жағдайын бақылауды, электр сымдары мен отын жүйесінің жұмысқа жарамдылығын жүйелі түрде техникалық байқаудан өткізуді, сондай-ақ кабинада өрт сөндіргіштің болуы қажеттігін ұсынады. https://youtu.be/l3bN7ENibwU

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии