Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

3437
Adyrna.kz Telegram

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржыны күміс жүлдемен толықты. 20 жастағы Махмұд Сабырхан әлемдік сынды екінші орынмен аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап "Адырна" ұлттық порталы. 

54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда жапондық Тамоя Цубойдан 0:5 есебімен ұтылды.

Аталған жекпе-жек Махмұд Сабырхан үшін үлкен тәжірибе болғаны анық. Әлем чемпионаты барысында мамандар мен жанкүйерлерден жоғары баға алған Сабырхан финалда жастығынан және тәжірибенің аздығынан тізе бүкті.

Бірінші раундта Махмұд аздаған басымдықпен жеңіске жеткенімен, қалған екі раунда жапондық боксшының соққылары дәл әрі мықтырақ болды.

Бұл Махмұд Сабырхан қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты. 20 жасында әлем чемпионатының финалында сынға түскені де Махмұдтың талантты боксшы екенін көрсететіні анық.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер