Ерлан Біләловтің соты: «Сезам» директоры параны қалай бергенін айтты

2704
Adyrna.kz Telegram

Алмалы аудандық сотында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан Біләловтің ісі бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратсайтына сілтеме жасап

Сот барысында «Сезам» қорының директоры Қайрат Баянов Ерлан Біләловке ақшаны қалай бергені туралы айтып берді. «Сезам» директоры алғаш рет сотталушымен 2017 жылдың қазанында кездескен. Сол кездесу барысында сыйақы көлемі туралы айтылған. Баянов Біләловке 1,5 млн теңге көлемінде ақшаны бөліп-бөліп беруі тиіс болған.

«Сома туралы сөйлеспедік. Ол (Ерлан Біләлов - авт.) 1,5 млн теңгені меңзеді. Жарайды, көрейік дедім», - деді Баянов.

Кейінірек Баянов тергеу орындарымен бірге жұмыс жасай бастаған. Алғашқы 600 мың теңгені Баянов конвертке салып 3 қаңтарға дейін берген. Бірақ Біләлов ақшаны тезірек беруін сұрап, қайта-қайта мазалаған. Қалған 900 мың теңгені Баянов 4 қаңтарда беруі тиіс болды. Куәгер Баянов 600 мың теңгені қайтаруға ниетті екенін айтты.

Еске салайық, 5 қаңтарда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры басшысы Ерлан Біләлов 1,5 миллион теңге парамен ұсталғаны хабарланған болатын. Кінәсін толық мойындауына байланысты Ерлан Біләлов қамауға алынбады. Осыдан кейін 9 қаңтарда Әуезов театры директоры міндетін атқарушы тағайындалған. Ал 17 қаңтарда Ерлан Біләловтің ісі сотқа түскен еді


baq.kz

 

Пікірлер