Қазақ-қытай шекарасындағы жағдайда ұлттық мүддемізді қорғауымыз керек

467

«Ақ жол» демократиялық партиясына қазақ-қытай шекарасында жүктердің өтуіне байланысты проблемалардан зардап шеккен ондаған компания жүгінді. Бұл мәселелерді "Ақ жол" партиясы фракциясы биылғы жылдың 24 қыркүйегіндегі депутаттық сауалында көтерді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева мәлімдеді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловқа мәлімдеген болатын. 

Алынған жауапта жағдайдың Үкіметтің бақылауына алынғаны, Қытай тарапымен келіссөздер жүргізілгені атап өтілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 қазаннан бастап жүк айналымы қайта жанданып, Қазақстанға жөнелтілетін вагондар саны артты.

Бұл ретте, автотасымалдау проблемасы шешілмеген, «Нұр Жолы» кеден пунктінде Қазақстаннан Қытайға 10 366 автокөлік құралдары кезекте тұр. Қазақстандық тасымалдаушылар үшін бұл өте ауыр проблема, қытай шекарасындағы жүк көліктерінің 50 шақырымдық кезегі туралы біздің фракция өткен жылдың жазынан бастап Үкіметке жүгінген болатын. Жүк көліктері әлі күнге дейін сонда тұр.

Т/ж тасымалдарының артуы да жеткізілімдердің бұзылу проблемасын шешпейді: кәсіпкерлердің өтінішінен көрініп отырғандай, Қытай аумағында жинақталған Қазақстан үшін жүк көлемі 8 мыңнан астам контейнерді құрайды. Қол жеткізілген келісімдерді ескеретін болсақ, оларды тасымалдау тағы бір жылға созылады. Бұл жүктің жаңа көлемі ескерілмеген жағдайдағы көрсеткіш.

Осыған байланысты, қазақстандық тасымалдаушылар шаралардың бірі ретінде 1-ден 4-ке (4 транзиттік контейнерге қарсы Қазақстанға 1 контейнер) пропорциясында болса да, басқа елдерге жөнелтілетін жүктердің транзитіне квотаны төмендетуді ұсынады.

Мұндай шара «Қытай-Еуропа» қатынасындағы контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру туралы 2017 жылғы келісімге» қайшы келуі мүмкін, бірақ қазіргі қалыптасқан жағдайда Қазақстан өзінің ұлттық мүдделерін қорғауға мәжбүр болады.

Тағы бір күрделі мәселе – тасымалдау қызметтеріне тарифтердің өсуі, бұл тауарлардың құнына және инфляцияға әсер етеді. Осылайша, Қытай жағында тиеу қызметтері 1 автокөлік құралы үшін 150 000 юаньға дейін өсті, бұл тіпті тасымалдау құнынан да асып түседі.

Салыстырмалы түрде: тарихи қалыптасқан Қорғастағы жүк көлігінің тасымалдау құны 1200-ден 5000 АҚШ долларына дейін қалыптасса, қазіргі уақытта 28 000 АҚШ долларына дейін өсті. Осылайша, теміржол көлігінде контейнерлер тапшылығына байланысты контейнерлерді сатып алу құны 1 950 доллардан 7 500 АҚШ долларына дейін өсті. ҚХР-дан жүктелген 40 тонна контейнерді жөнелту құны 2020 жылғы тамыздағы 3 100 доллардан 2021 жылғы қыркүйекте 13 000 долларға дейін өзгерді.

Сонымен қатар, биылғы жылы автомобиль тасымалдарының (өткен жылдан бастап) және т/ж тасымалдарының ұзаққа созылған кедергілеріне байланысты көптеген кәсіпорындар өнімді өндіру немесе жеткізу шарттарын бұзуға қатысты тікелей шығындарға ұшырауда. Бұл тек пайданы жоғалтуға ғана емес, сонымен қатар серіктестер мен банктер тарапынан төлем мерзімдерін кешіктіруге байланысты айыппұлдарға алып келеді.

Жүгінген компаниялардың ақпараты бойынша, олардың шығындары бірнеше ондаған миллионнан 1 млрд теңгеге дейін жетеді. Мемлекеттік тапсырыс орындаушылары мен квазимемлекеттік сектор үшін де жағдай жосықсыз өнім берушілер тізіміне енуге және болашақта олардың тарапынан қандай да бір кінәсіз Мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығынан айыруға әкеп соқтырады.

Бүгінде ҰКП сыртқы сауда палатасы зардап шеккен СЭҚ қатысушыларына осы жағдай бойынша форс-мажорлық жағдайлар туралы куәлік беріп отыр. Мұндай куәлікті алу кәсіпкерлердің өздері дәлелдемелер мен құжаттарды жинау қажеттілігімен, сондай-ақ төлемдерді төлеумен байланысты.

Алайда, Азаматтық кодекстің 374-бабына сәйкес, бұл тану кәсіпорындарды қаржылық және банктік міндеттемелерден босатпайды, сонымен бірге олар негізгі проблеманы құрайды. Осыған байланысты форс-мажор туралы куәлік беру ғана емес, бизнесті қолдаудың нақты қосымша шараларын қабылдау қажет деп санаймыз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Ақ жол» депутаттық фракциясы келесілерді қажет деп санайды:

1) Форс-мажор жағдайын танудан басқа, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезеңінде біркелкі борыштық жүктемені сақтау үшін кредиттік шарттарды ұзарта отырып, кәсіпорындар үшін кредиттерді өтеу бойынша кейінге қалдыруды ұсыну.

2) Теміржол көлігінде тасымалдау бойынша туындаған проблемаларды ескере отырып, ҚХР Үкіметімен автомобиль өткелдерінің өткізу қабілетін ұлғайту туралы мәселені шешу.

3) «Атамекен» ҰКП палатасының форс-мажор туралы куәлігін алу үшін осы жалпыға белгілі жағдай бойынша дәлелдемелер жинау қажеттілігінен бизнесті босату.

4) Мерзімі өткен міндеттемелердің сомасына қарамастан, «Атамекен»ҰКП форс-мажор туралы куәлігінің құнын 15 АЕК-ке дейін төмендету.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы