Темірхан Досмұхамбетов қайтыс болды

6691
Adyrna.kz Telegram

73 жасында ҚР туризм және спорт экс-министрі, Астананың экс-әкімі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің экс-президенті Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов қайтыс болды. Қайғылы хабарды Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жариялады, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы.

- Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ұжымы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бақылау кеңесінің төрағасы Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады, - делінген агенттіктің Facebook-тегі хабарламасында.

Темірхан Досмұхамбетов 1996 жылдың ақпанынан 1997 жылдың сәуіріне дейін Жастар ісі, туризм және спорт министрі болып жұмыс істеді.

1997 жылғы 2 сәуірден 1997 жылғы 14 қарашаға дейін  ҚР Білім беру және мәдениет министрлігінің Туризм және спорт департаментінің директоры.

1997 жылғы 14 қарашадан 1998 жылғы қыркүйекке дейін ҚР Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Туризм және спорт комитетінің төрағасы.

1998 жылғы қыркүйектен 2003 жылғы маусымға дейін ҚР Президентінің іс басқарушысы қызметін атқарды.

2003 жылдың маусымынан 2004 жылдың наурызына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.

2004 жылғы наурыздан 2006 жылғы наурызға дейін ҚР Президентінің іс басқарушысы.

2006-2011 жылдары ҚР Туризм және спорт министрі қызметін атқарған.

2012-2015 жылдары - Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, 2010-2015 жылдар аралығында ол ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, атқару комитетінің мүшесі болды. Кейін «Байсерке-Агро» агроөнеркәсіптік холдингін басқарды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер