Семейде студенттер уланып қалды

3430
Adyrna.kz Telegram

Семей қаласындағы электротехникалық колледждің жатақханасында 18 адам уланып қалды деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы.

-2021 жылдың 29 қазанында сағат 23:48-де "103" нөміріне Семей қаласындағы Дастенов көшесінде орналасқан электротехникалық колледж жатақханасынан өрт болып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге студенттерді жатақханадан бірден эвакуациялады, - деп хабарлады ШҚО ДП баспасөз қызметі.

Оқиға орнында өрт болмағаны белгілі болды. Анықталғандай, 19 жастағы колледж студенті жатақхананың екінші қабатында тұрып, бұрыш спрейін шашқан. Салдарынан улану белгісі бар 18 адам облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған факті бойынша  ҚР ҚК 293-бабы 3-тармағы бойынша ("Бұзақылық") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер