Қазақстандық студенттер ағылшын құқығы бойынша білім жарысында ресейліктерді жеңді

4914
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық заңгер-студенттер ойын түрінде өткен халықаралық сот процесінде жеңіске жетті. Байқау жыл сайын «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық төрелік орталығының ұйымдастыруымен өтеді.

Студенттер арасындағы AIFC Court and IAC Annual Moot заңгерлік жарысы Қазақстанда биыл төртінші рет өтті. Байқаудың коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматта өтуі өзге елдердің білім алушыларына да қатысуға мүмкіндік берді. Биыл командалар саны ерекше көп, Қазақстан, Қызғыз Республикасы, Ресейдің де университеттерінен студенттік топтар қатысты.

Cот отырысы форматындағы сайыс жалпы (ағылшын) құқық сотында АХҚО сотының қазіргі судьялары-лордтардың төрағалығымен толығымен ағылшын тілінде өтті. Аталған жарыста заңгер-студенттер практикалық мәселені жалпы құқық тұрғысынан зерттейді, жазбаша және ауызша аргументтер дайындайды, сот ісін жүргізу дағдыларын жетілдіреді.

2021 жылғы байқаудың іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша финалға Қазақстан (М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті) және Ресей (Орал мемлекеттік заң университеті) өкілдері шықты. Бірінші орынды КАЗГЮУ командасының студенттері иеленді.

«Іріктеу кезеңінде командамыз Каспий университетін (Қазақстан) жеңді. Байқауға сондай-ақ Орталық Азиядағы Америка университеті (Қырғызстан), Нархоз университеті (Қазақстан), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлтық университеті (Қазақстан), Халықаралық «Ала-Тоо» университеті (Қырғызстан), КИМЭП университеті (Қазақстан) де қатысты. Студенттерімізді мақтаныш етемін! Бұл – оқытушылардың, Жоғары құқық мектебі ұжымының қарқынды жұмысының нәтижесі», - деп жазды КАЗГЮУ Университетінің ректоры Сергей Пен Facebook-тегі парақшасында.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер