Қазақстанда терроризм және діни экстремизммен күрес үшін 2018-2022 жылдар аралығында 286 миллиард 981,6 миллион теңге жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бағдарламаны іске асыруға 2018 - 2022 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражаттар жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 286 981,6 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 226 294,2 млн теңге, жергілікті бюджеттен 60 687,4 млн теңге қарастырылған. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті кезеңге бюджет қалыптастырылатын кезде нақтыланатын болады», - деп жазылған құжатта.
№ | Қаржыландыру көзі | 2018жыл | 2019 жыл | 2020жыл | 2021жыл | 2022жыл | Барлығы |
1. | Республикалық бюджет (млн. теңге) | 52 723,3 | 49 194,9 | 18 348,6 | 51 364,5 | 54 662,7 | 226 294,2 |
2. | Жергілікті бюджет (млн. теңге) | 23 884,6 | 14 736,8 | 11 636,0 | 6 097,6 | 4 332,4 | 60 687,4 |
БАРЛЫҒЫ: | 76 607,9 | 63 913,7 | 29 984,6 | 55 179,2 | 56 712,2 | 286 981,6 |
1) діни алауыздықты немесе араздықты жандандыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау түрлерін, әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған терроризм мен экстремизм идеяларының қауіптілігін түсіндіру;2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, сондай-ақ діни бірлестіктер арқылы үкіметтік емес ұйымдарды тарту;3) жаңалықтарды жариялайтын порталдарда, әлеуметтік желілерде, соның ішінде танымал блогерлер мен қоғамдық пікір жетекшілері арқылы ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат материалдарын тарату;4) жастар үшін ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат материалдарының көрнекі әдістерін (роликтер, бейнематериалдар), ойын элементтері мен интерактивтік әдістерді пайдалану;5) әлеуметтік желілерде аккаунттардың сүйемелдеуін ұйымдастыру және терроризмге қарсы тақырып бойынша мемлекеттік органдардың, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен діни бірлестіктердің өкілдерін сөз сөйлеулерін орналастыру.