Қарақия ауданында 116 отбасы баспаналы болды

1845
Adyrna.kz Telegram

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Маңғыстау облысы Қарақия ауданында 116 отбасы баспаналы болды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков мәлім етті.

Оның айтуынша, жаңа 2 тұрғын үй Жетібай ауылында орналасқан. Әр үй 3 қабаттан, 72 пәтерден тұрады. Барлығы 144 пәтер. Құрылыс 2020 жылы басталып, биыл тапсырылды. Жоба "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жүзеге асқан.

"Жаңа үйлерге инженерлік-инфрақұрылымдық желілері толық тартылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Жетібай ауылындағы 105 отбасы баспаналы болса, Құрық ауылынан 9, Мұнайшыдан 2 отбасы пәтер алды. Барлығы 116 үйдің кілті иесіне табысталды. Айта кетейін, бұл пәтерлер аз қамтылған және көпбалалы санатындағы отбасыларға, тұл жетім балалар мен тұрғын үйі апаттық деп танылған отбасыларға ғана берілді", - деді Қыдырберді Беков.

Айта кетейік, жыл соңына дейін аудандағы әлеуметтік санатқа кіретін тағы 75 отбасы баспаналы болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер