БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Қарақұрттай қаптаған коуч пен тренингшілердің көбісі алаяқтар

3045
Adyrna.kz Telegram

Қоғамда қарақұрттай тарап жатқан коуч, мотиватор, тренингшілердің көбісі нағыз алаяқтар. Мұның астары өте тереңде. Оны елдің экономикалық саясатының дұрыс бағытта болмағандығы мен халықтың әлауқатының нашарлығынан көруге болады. Осы алаяқтарға қарсы пікір айтсақ, "Америкада да осындай, Еуропада да осындай" деп қақылдап шыға келеді. Америка мен Еуропа әлдеқашан ғылым мен өндірістің, технологияның державаларына айналып, дамудың даңғыл жолы мен жүйесіне түсіп қойған. Оларда мемлекеттік машинаның жұмысы өркениетті жолмен жұмыс істейді.

Ал, біздің елде өндіріс те, ғылым да, экономика да ақсап қалған, жуық арада тасы өрге домалайды
дегенге ешкім сене қоймас. Отандық ғылымы мен өндірісі жоқ елде әрине, сыртқы елдер мен сыртқы
нарыққа тәуелділік коэффициенті жоғары болады. Сондықтан экономикалық тәуелділік, әл-ауқаттың
нашарлығынан шаршаған халық осындай алаяқтардың құрбаны болып жатады. Сондықтан да біз сияқты елдерде алаяқ тренингшілер мен коучтардың қаптап, халықты алдап соғуы заңдылық. Оның басында Айнұр Тұрсынбаева, Пәленшебаева, Түгеншебаевалар көш бастап тұр. Осы Пәленшебеава,
Түгеншебаевалардың жүйелі түрде айналысып отырған білім мен ғылымға негізделген бір де бір
бизнестері жоқ. Қақылдаған 10 метрлік тілі ғана бар.

Бойында ар-ұжданы мен ұяты, намысы мен адамдығы бар адамдар ешқашан да жеңіл ақша табуға
ұмтылмайды әрі елді алдап соқпайды. Сондықтан бұлғарға сенбеңіздер! Бұлар құндылықсыз пенделер!
Ал егер де, нағыз бизнестің қыр-сырын терең игерген азаматтар айтып жатса, онда әңгіме басқа.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер