АҚШ Украинаға қару жеткізді

3298
Adyrna.kz Telegram

Украинаға елдің қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін АҚШ үкіметінен 60 миллион долларға қосымша халықаралық әскери көмектің үшінші партиясы келді. Оның құрамына оқ-дәрілер, танкке қарсы қару, медициналық құрал-жабдықтар және тағы басқалар кіреді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Украина қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Бүгін біз Украина мен АҚШ президенттері Владимир Зеленский мен Джо Байден арасындағы келісімдердің нәтижесінде АҚШ-тан тағы бір көмек ұшағын алдық. Бұл біздің әскерилер үшін шынайы, ашық, жедел жәрдем, олар осы медициналық және жауынгерлік қамтамасыз ету құралдарын майдан шебінде пайдалана алады", - деді Украина қорғаныс министрінің орынбасары Александр Носов.

Өз кезегінде АҚШ-тың Украинадағы елшілігінің армия және қорғаныс бойынша атташесі, полковник Бриттани Стюарт "Америка Құрама Штаттары логистикалық көмек пен тактикалық стратегиялық даярлықты қамтитын Қарулы Күштерді дамытуда Украинаға көмектесіп жатқанын" атап өтті.

Ол сондай-ақ Вашингтонның Украинаны НАТО қатарындағы "бейбіт және еркін ел" ретінде көргісі келетінін айтты.

Украина Қарулы Күштері Бас штабының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Николай Шевцовтің айтуынша, АҚШ-тан келген әскери-техникалық көмекке жоғары технологиялы және өте тапшы техникалар мен қару-жарақтар, сондай-ақ майдан шебіне қажетті оқ-дәрілер кіреді.

— Бұрын алынған қаражат қазірдің өзінде батареяға қарсы және танкке қарсы соғыстағы, сондай-ақ барлаудағы мүмкіндіктерімізді арттырып жатыр, — деді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер