Кеше түнде борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзін атып тастады

9290
Adyrna.kz Telegram

Орталық өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР Ұлттық ұланның №5516 әскери бөліміндегі сарбаз өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу істерін жүргізіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

2021 жылдың 21 қазанында, сағат 01.30 шамасында азаматтық борышын өтеп жатқан сарбаз Оңғаров С.Б. постта тұрған кезде басына оқ тиіп, жарақаттанды. Әскери қызметкер шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді, өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан оны құтқару мүмкін болмады. Сағат 02.20-да сарбаздың өлімі тіркелді, - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының "Орталық" Өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Өңірлік қолбасшылық қызметтік тергеу тағайындағаны атап өтіледі.

Қайғылы оқиғаның себептері мен салдары анықталуда.

Марқұм 20 жаста болған. Жігіт Түркістан облысы Мақтаарал ауданынан әскери борышын өтеуге келген. Марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсауы ықтимал деген долбарға сенбейді.

Бас қолбасшылық, Ұлттық ұланның "Орталдық" Өңірлік қолбасшылығы марқұм сарбаздың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер