Шымкент әлеуметтік маңызы бар тауарларының 4 түрі бойынша өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр

613

Қала халқын азық-түлікпен толыққанды қамтамасыз ету әрі сапалы өнімді өндіру маңызды мақсаттың бірі. Барлық ресурстарды назарға алсақ, Қазақстан агроөнеркәсіптік кешендегі әлеуеті жоғары мемлекет ретінде есептеледі. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы қала халқын азық-түлікпен қамту туралы мәлімдеді. Айтуларынша шымкент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 4 түрі бойынша өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр.

Статистикаға сүйенсек, Шымкент қаласының халқы бір жылда бірінші сұрыпты ұннан – 14 256 тонна, қалыпты бөлке наннан – 77 529, қарақұмық жармасынан – 2 193 тонна тұтынады. Одан бөлек, 9 321 тонна- күріш, 104 177 тонна –картоп және сәбіз бен жуадан – 21 932 тонна сатып алады. Ал,  күнбағыс майынан жылына – 7 676 тонна қажет екен. Айтып өтейік мұның барлығы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер. Жалпы алғанда  бұл санаттағы өнімдерінің тізіміне 19 түрлі азық-түлік өнімі кіреді. Қолда бар мәліметке сүйенсек мегаполис  4 түрлі тауар өнімімен яғни, бірінші сұрыпты ұн, рожки, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасымен өзін 100 жүз пайыз қамти алады.   Ал сүт өнімдерімен – 50 пайызға, тауық етімен – 41, сиыр етімен – 65 пайызға және көкөніс өнімдерімен – 10-15 пайызға қамтамасыз етуге қауқарлы.

Мамандар  тұз, қарақұмық жармасы, күріш және шекер секілді азық-түлік тауарларының қаламызда өндірілмеуіне байланысты олар көршілес облыстардан және шет мемлекеттерден тасымалданатынын айтып отыр. Сонымен бірге олар қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры, тауар өндірушілерді, қоймалар мен сауда нысандарын қосқанда жеткілікті және де тапшылық бойынша ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Пікірлер
Редакция таңдауы